Проблемалы берешек мәселелері бойынша қарыз алушыларының өтініштерін қарау тәртібі туралы ақпарат

«Tesqua Finance» МҚҰ» ЖШС проблемалы берешек мәселелері бойынша қарыз алушыларының өтініштерін қарау тәртібі туралы ақпарат.

Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімінен кешіктірілген кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей МҚҰ қарыз алушыны мыналар туралы хабардар етуге міндетті:

1) Шарт бойынша міндеттемені орындауды мерзімінен кешіктірудің пайда болуы және мерзімінен кешіктірілген берешектің мөлшерін көрсете отырып, хабарламада көрсетілген күні төлемдер енгізу қажеттілігі;

2) Шарт бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның МҚҰ-ға хабарласу құқығы;

3) қарыз алушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары.

Хабарлама, егер ол қарыз алушыға шартта көзделген мынадай тәсілдердің бірімен жіберілсе, жеткізілді деп есептеледі:

— Шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;

— Шартта көрсетілген тұрғылықты жері бойынша тапсырылғаны, оның ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

— жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып.

Төлемді мерзімінен кешіктірген қарыз алушы-жеке тұлғалар міндеттемелерін орындауды мерзімінен кешіктірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен, табыстың төмендеу себебін көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, МҚҰ-ға хабарласуға құқылы.

Қарыз алушы Шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш беруге құқылы негізгі жағдайлар:

  • Қарыз алушының жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелуі;
  • Қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі, атап айтқанда оны ХӘОТ тобына жатқызу, сол сияқты орташа айлық табыстың төмендеуіне әсер еткен қарыз алушының бірге тұратын жақын туысы, ерінің (зайыбының) ХӘОТ мәртебесін алуы;
  • Қарыз алушының ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы (3 айдан астам);
  • Қарыз алушының бала күтімі бойынша демалысқа шығуы;
  • Қарыз алушыны мерзімді әскери қызметке шақыру;
  • Қарыз алушының жақын туыстарының, ерінің (зайыбының) ауруына (әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан) не қайтыс болуына байланысты отбасылық мән-жайлар;
  • Қарыз алушыға материалдық залал келтірген мән-жайлар (ұрлық, өрт және т.б.).

Бұл тізбені МҚҰ қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемелерді қолданыстағы талаптармен орындау мүмкіндігіне әсер еткен жағдайға байланысты толықтыра алады. Қарыз алушы МҚҰ-ға ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат беруге, Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін кірістердің азаю не болмау фактісін құжат жүзінде растауға тиіс. Шарт талаптарына өзгерістер енгізу мәселелерін қарау үшін қажетті құжаттар тізбесін МҚҰ өз бетінше айқындайды.

 

МҚҰ 15 күнтізбелік күн ішінде Қарыз алушыны мыналар жөнінде тиісті түрде хабардар етеді:

  • шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу;
  • шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстары;
  • осындай бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту.

 

Қарыз алушы-жеке тұлға Кредитордың бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсетілген, Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе Шарт талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде, МҚҰ-ға хабарлай отырып, уәкілетті органға арыздануға құқылы.

 

Проблемалы берешекті реттеу мәселелері бойынша жауапты тұлға: аға заңгер Кемм А.В.  +77051009422, info@tesquafinance.kz, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Қайым Мұқамедханов көш., 5-ғимарат

 

***

 

Информация

о порядке рассмотрения обращений заемщиков по вопросам проблемной задолженности ТОО «МФО «Tesqua Finance».

При наличии просрочки исполнения обязательства по Договору о предоставлении микрокредита, но не позднее двадцати календарных дней с даты ее наступления МФО обязано уведомить заемщика о:

1) возникновении просрочки по исполнению обязательства по Договору и необходимости внесения платежей с указанием размера просроченной задолженности на дату, указанную в уведомлении;

2) праве заемщика — физического лица по Договору обратиться к МФО;

3) последствиях невыполнения заемщиком своих обязательств по Договору.

Уведомление считается доставленным, если оно направлено Заемщику одним из следующих способов, предусмотренных договором:

— на адрес электронной почты, указанный в договоре;

— по месту жительства, указанному в договоре, заказным письмом с уведомлением о его вручении, в том числе получено одним из совершеннолетних членов семьи, проживающим по указанному адресу;

— с использованием иных средств связи, обеспечивающих фиксирование доставки.

Заемщики-физические лица, вышедшие на просрочку, вправе обратиться в течение 30 календарных дней с даты наступления просрочки исполнения обязательств к МФО с письменным заявлением об изменении условий договора, с указанием причины снижения доходов и приложением подтверждающих документов.

Основные случаи, при которых заемщик вправе обратиться  с заявлением о внесении изменений в условия договора:

  • Регистрация заемщика в качестве безработного в органах занятости;
  • Изменение социального статуса заемщика, а именно отнесение к СУСН, а равно получение статуса СУСН совместно проживающего близкого родственника, супруга (супруги) заемщика, повлиявшего на снижение среднемесячного дохода;
  • Временная нетрудоспособность заемщик (более 3 месяцев), связанная с болезнью;
  • Выход заемщика в отпуск по уходу за ребенком;
  • Призыв заемщика на срочную военную службу;
  • Семейные обстоятельства, связанные с болезнью (из числа социально значимых заболеваний) близких родственников, супруга (супруги) заемщика либо смертью;
  • Обстоятельства, нанесшие заемщику материальный ущерб (кража, пожар и т.д.).

Данный перечень может быть дополнен МФО в зависимости от ситуации, повлиявшей на возможность заемщика исполнять обязательства по Договору на действующих условиях. Заемщик должен предоставить МФО информацию о текущем финансовом и социальном положении, документально подтвердить факт снижения либо отсутствия доходов, позволяющих исполнять обязательства по Договору.Перечень документов, необходимый для рассмотрения вопросов внесения изменений в условия Договора определяется МФО самостоятельно.

 

МФО в течение 15 календарных дней надлежащим образом уведомляет заемщика о (об):

  • согласии с предложенными изменениями в условия договора;
  • своих предложениях по изменению условий договора;
  • отказе в изменении условий договора с указанием мотивированного обоснования причин такого отказа.

 

Заемщик — физическое лицо в течение пятнадцати календарных дней с даты получения решения Кредитора об отказе в изменении условий Договора с указанием мотивированного обоснования причин отказа, или при недостижении взаимоприемлемого решения об изменении условий Договора вправе обратиться в уполномоченный орган с одновременным уведомлением МФО.

 

Ответственное лицо по вопросам урегулирования проблемной задолженности: старший юрист Кемм А.В.  +77051009422, info@tesquafinance.kz, 010000, г. Астана, район Есиль, улица Кайыма Мухамедханова, здание 5

 

 

0
Открыть чат
Здравствуйте!
Меня зовут Анвар. Могу ли я помочь Вам?